Жаңалықтар

«Парасат жолы: адалдық және әділет» атты кітап көрмесі өтті

Жетісу облысының С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Парасат жолы: адалдық және әділет» атты кітап көрмесі өтті. Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің және Алматы және Жетісу облысының арнайы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қатысып, көрмемен танысты. Сонымен қатар кітапхана оқырмандары да құқықтық және рухани-адамгершілік бағыттағы әдебиеттерге қызығушылық танытып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Көрменің мақсаты – оқырмандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адамгершілік, әділеттілік, азаматтық жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау болды. Көрме барысында құқықтық мемлекет, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік қызмет әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл м...
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.06.2026

«Ашық аспан астындағы сұхбат» атты танымдық шара өтті

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Орталық Арбат алаңында «Ашық аспан астындағы сұхбат» атты танымдық шара өтті. Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау, олардың тарихы мен маңызын кеңінен таныстыру, жастар мен қала тұрғындарының бойында отансүйгіштік сезімді, ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру. Шара барысында қала тұрғындарымен еркін сұхбат жүргізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны туралы сұрақтар қойылды. Қатысушылар рәміздердің мән-маңызы жөніндегі білімдерін ортаға салып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз еліміздің айбыны мен мақтанышы, халқымыздың бірлігі мен болашағын бейнелейтін қастерлі құндылықтар. Осындай тағылымды кездесулер арқылы азаматтардың ел тарихына, мемлекеттік рәміздерге деген құрметі арта түседі. Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік...
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.06.2026

Балалық – бақыт бастауы» атты инклюзивті ойын-сауық кеші өтті.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жетісу облысы С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Балалық – бақыт бастауы» атты инклюзивті ойын-сауық кеші ұйымдастырылды. Мерекелік шараға облыстық «Бәйтерек» күндізгі болу орталығы мен Көксу ауданындағы «Үміт» күндізгі болу орталығының тәрбиеленушілері арнайы қатысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған думанды кештің қонағы болды. Іс-шараның басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қоғам өміріне белсенді араластыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мерекелік көңіл-күй сыйлау және балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару. Кеш барысында балаларға арналып әсем әндер шырқалып, қызықты ойындар мен түрлі байқаулар өткізілді. Аниматорлар ұйымдастырған көңілді шоу бағдарламалар балалардың ерекше ықыласына бөленіп, мерекенің сәнін келтірді. Қатысушылар би билеп, ойындарға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Ме...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.06.2026

Бүгін С.Сейфуллин атындағы Орталық кітапханасының «Кешкі кітапхана» жобасы аясында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шабыт» халықаралық шығармашылық фестивалінің жүлдегері, республикалық «Үркер» әдеби сыйлығының Гран-при иегері, «Хабар» телеарна

Кешті ҚР Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Жангелді Немеребай жүргізді. Шара барысында ақынның шығармашылығы мен өмір жолынан сыр шертетін бейнеролик көрсетіліп, жырсүйер қауым әсерлі кештің куәсі болды. Кездесу кешіне өңірдің зиялы қауым өкілдері мен ақын-жазушылары қатысып, ақынға жүрекжарды лебіздерін білдірді. Атап айтқанда, Қазақстанның құрметті жазушысы Нүсіпбай Әбдірахым, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Нұрила Бектемірова, ақын Талапбек Азамбай сөз сөйлеп, Толқын Қабылшаның шығармашылығына жоғары бағаларын берді. Сонымен қатар, ақындар Гүлбақыт Қасен, Сағыныш Намазшамова, Азамат Нұрмұхан, Салтанат Құмархан, Зирагүл Нұрданбек, Санжар Сұлтанғазы сынды бірқатар ақындар жырдан шашу шашып, әуезді ән әуеледі. Кеш иесі Толқын Қабылша өз өлеңдерін оқып, оқырмандарымен еркін форматта сұхбат құрды. Жыр мен ән үндескен рухани шара көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.05.2026

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне 110 жыл толуына орай «Азаттыққа бастар рухты күрес» атты тарихи-танымдық сағаты

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне 110 жыл толуына орай «Азаттыққа бастар рухты күрес» атты тарихи-танымдық сағаты өтті. Шарада елдің азаттыққа деген ұмтылысын, әділетсіздікке қарсы рухын айқын көрсеткен ең маңызды әрі ауыр кезеңдердің бірі ол - 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Ел тарихын білу – болашақты бағалау мақсатында ұйымдастырылған шарада ұлт-азаттық көтерілістің шығу себептері, тарихи маңызы туралы №30 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Д.Идрисова мағлұмат берді. Сондай-ақ «1916 жылғы көтеріліс-еркіндік жолындағы шайқас» атты видеоролик көрсетіліп, «Қазақ даласындағы азаттық күрес» атты кітап көрмесі таныстырылды. Шара барысында тарихтан тағылым алып, тапқырлығы мен білімін ұштастырған оқырмандар сұрақ-жауап айдарына белсене қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар көтеріліс тарихына қатысты сауалдарға жауап беріп, тарихи деректермен бөлі...
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.05.2026
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика