Жаңалықтар

«Жетісудың жез киігі»: Қайрат Әлімбекке арналған облыстық байқау ұйымдастырылды

30 сәуір күні Жетісу облысында орналасқан Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен көрнекті ақын Қайрат Әлімбектің шығармашылығын кеңінен насихаттауға арналған облыстық «Қайрат оқулары» байқауы өтті. Аталған байқауға 15–18 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттерінен барлығы 14 үміткер қатысып, екі кезең бойынша өзара бақ сынасты. Байқаудың «Жоқ іздеген жігіт» деп аталған алғашқы кезеңінде қатысушылар ақын шығармаларын жатқа айту шеберлігімен сынға түсті. Бұл кезеңде олардың Қайрат Әлімбек өлеңдерін қаншалықты көп білетіні, сондай-ақ көркем әрі мәнерлеп жеткізу деңгейі қазылар алқасы тарапынан бағаланды. Ал «Жақсы адамдар» деп аталатын екінші кезеңге бірінші кезеңнен іріктеліп өткен 6 қатысушы қатысып, ақынның арнау өлеңдерінің мазмұнын терең ашып, өз ойларын көркем тілмен, еркін түрде жеткізе білді. Байқауға қазылық еткендер қатарында ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақста...
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.04.2026

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Татулық пен ынтымақ – ұлт байлығы» атты кездесу кешінің мәліметі

29 сәуір 2026 жылы Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Татулық пен ынтымақ – ұлт байлығы» атты кездесу кеші өтті. Шараның басты мақсаты – көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын насихаттау, түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен достығын дәріптеу. Кездесу кешіне «Қазақ мәдениеті және салт-дәстүрлері» қоғамдық қорының төрағасы Шыныбаев Серікбол Түлеутайұлы, «Барбанг» күрдтер қауымдастығының Талдықорған өңірлік филиалының төрағасы Хосен-Оглы Руслан Бижанович, ҚР мәдениет саласының үздігі, ҚР кітапхана ісінің үздігі Ешенова Ғалия Самигулқызы, сондай-ақ полиция капитаны Бақытжан Манасұлы Тұрысбеков арнайы қатысып, бірлік пен ынтымақтың маңыздылығы туралы мазмұнды ойларымен бөлісті. Іс-шара барысында «Бейбітшілік ел тілегі» атты бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері мен №4...
Толығырақ... Оқылды: 95 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.04.2026

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің клубында «Ынтымақ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің клубында «Ынтымақ – достық кепілі» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқырмандар назарына бірлік, татулық және достық тақырыптарын қамтитын кең көлемді кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге қойылған әдебиеттер қатарында Қазақстан халқының бірлігі, ел ішіндегі бейбітшілік пен келісім, түрлі этностар арасындағы өзара сыйластық жайлы мазмұнды кітаптар орын алды. Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ерекше әсерлі өтті. Шараға қатысушылар мен оқырмандар сахна төріне шығып, ән шырқап, поэзиялық шығармалар оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Әрбір орындалған шығарма достық пен бірлікті дәріптеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.04.2026

«Кітапханашылар күні» мерекесіне орай «Кітап пен кітапханашы – руханияттың мәңгілік мұрасы» атты салтанатты кеші аталып өтті

Кештің ашылу салтанатында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Мәлікқызы Қалқабаева сөз алып, кітапхана саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдағы маңызды еңбегін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, салада үздік еңбек етіп жүрген бірқатар кітапханашыларды марапаттады. Мерекелік жиынға кітапхана ісінің ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және Жетісу облысының кітапханашылары қатысып, рухани құндылықтарды сақтау мен оны келер ұрпаққа жеткізудегі кітапхананың рөлі кеңінен сөз болды. Биылғы кәсіби мереке аясында кітапхана ісінің дамуына сүбелі үлес қосқан мамандар арнайы марапаттарға ие болды. Ең алдымен, бірқатар кітапхана қызметкерлеріне Жетісу облысы әкімінің «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хаттары» табысталды. Бұдан кейін мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының марапаттары берілді. Одан кейін арнайы төсбелгілермен марапаттау рәсімі өтті. Атап айтқан...
Толығырақ... Оқылды: 70 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.04.2026

23 сәуір – Ұлттық кітап күні мерекесі аясында «Кітап және пікір алаңы» атты кітап талқылау кеші өтті

20 сәуір күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Кітап және пікір алаңы» атты кітап талқылау кеші ұйымдастырылды. Кеш барысында қатысушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның рухани дамуға қосатын үлесі туралы кеңінен пікір алмасты. Еркін форматта өткен шарада әр оқырман өз ойын ашық жеткізіп, оқыған кітаптары жайлы әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік алды. Шараның құрметті қонағы – «Мизам» әдеби жылжымалы мектебінің дәріскерлері – ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Жұматай Оспанұлы және ақын, республикалық және облыстық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Мұхтар Күмісбек болды. Ұстаздар өз сөзінде «Мизам» әдеби мектебінің негізгі мақсаты мен бағыттары, жас қаламгерлерді қолдау жолдары туралы айтып, алдыңғы маусым түлектерінің жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар, әдеби мектепке қабылдау шарттары мен алд...
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.04.2026
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика