Жаңалықтар

2025 жылдың 22 маусымында Жетісу облыстық Б. Римова атындағы драма театрында 21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында облыстың мәдениет саласына елеулі үлес қосып жүрген кітапхана қызметкерлері мен мекемелері марапатталды. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен Сарқан аудандық кітапханасының библиографы Кулымбетова Лаура Турганбаевна марапатталды. Жетісу облысы әкімінің Құрмет грамотасына Көксу аудандық кітапханасының кітапханашысы Нургалиева Шара Абдынуровна ие болды. Сондай-ақ, Жетісу облысы әкімінің Алғыс хаты Текелі қалалық кітапханасының кітапханашысы Житникова Елена Викторовнаға табысталды. Бұған қоса, кітапхана саласындағы ерекше жетістіктері үшін арнайы номинациялар бойынша марапаттар табысталды: «Үздік кітапхана» номинациясы бойынша Көксу аудандық кітапханасы үздік деп танылса, «Үздік кітапхана қызметкері» номинациясы Сәкен Сейфуллин атындағы Жетісу облыстық орталық кітапханасының ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Ешенова Ғалия Самиғұлқызы марапатталып, қаржылай...
Толығырақ... Оқылды: 97 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.05.2025

1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай «Балалар – әлемнің жарығы» атты іс-шара өтті.

1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар - әлемнің жарығы» атты іс-шара өтті. Аталған іс-шара екі бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлігі Жетісу облысының «Бәйтерек» күндіз болу орталығында өтті. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы дайындалған, көңілді де мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Шара аясында №12 орта мектеп гимназиясының 3 сынып оқушысы Есетай Димаштың орындауында әуезді ән шырқалып, «Plombir» аниматорлар орталығы балаларға әртүрлі ойындар арқылы жақсы көңіл-күй сыйлады. Шараның басты демеушілері меценат, жеке кәсіпкер Найманбаев Болатбек Жанаділұлы және Республика партиясының қолдауы ерекше аталып, балаларға сапалы сыйлықтар тарту етілді. Бұл мәдени іс-шараның басты мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балалардың көңіл-күйін көтеру, олардың қоғамдағы орнын сезіндіру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беру және достық пен мейірімділік атмосфер...
Толығырақ... Оқылды: 204 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.05.2025

21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Мәдениетім – мақтанышым» атты кітап көрмесі өтті.

21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Мәдениетім – мақтанышым» атты кітап көрмесі өтті. Мәдениет - ұлттың бет - бейнесі, рухани байлығы мен тұтастығының тірегі. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпы, өнері, әдебиеті мен дәстүрі - бүгінгі ұрпақ үшін өшпес мұра, баға жетпес қазына. Көрмеге қойылған әдебиеттер қатары қазақтың ақын - жазушыларының шығармаларымен, ұлттық өнер мен музыка, салт - дәстүр, тарих ғылымдары мен этнографияға байланысты құнды кітаптармен қамтылды. Көрмеге қойылған кітаптар арқылы оқырмандар қазақ мәдениетінің тереңіне бойлап, рухани әлеммен етене жақын таныса алды. Кітап көрмесі №29 орта мектеп лицей оқушыларына таныстырылды. Оқушылар көрме арқылы ұлттық мәдениетімізді тереңірек танып, рухани байлықпен сусындап қайтты.
Толығырақ... Оқылды: 158 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.05.2025

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Місrosoft Wort бағдарламасында мәтін теру және сақтауды үйрету сабағы өтті.

Көз көру қабілеті бұзылған оқырмандарға, көру мүмкіндігі шектелген жандарға ақпараттарды толығымен жеткізу, оларға көбірек көңіл бөлу арқылы, компьютерлік курс сабағын 2-ші топ көз мүгедегі кітапханашы Ахметов Серік мәтінді теріп және сақтауды үйретті. Сабақ барысында қатысушы 1-ші топ көз мүгедегі Алдабергенов Берік арнайы компьютерден берілген тапсырманы толығымен орындап, мәтінді теріп, дауыстық қосымша арқылы өзін тексеріп шықты.
Толығырақ... Оқылды: 76 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.05.2025

«Жастар біздің болашағымыз» атты «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «XXI ғасыр жастары білімді кітаптан алу керек/алмау керек» тақырыбындағы дебат пікірталас сайысы өтті

20 мамыр күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Жастар біздің болашағымыз» атты кешкі кітапхана жобасы аясында «XXI ғасыр жастары білімді кітаптан алу керек/алмау керек» тақырыбындағы дебат пікірталас сайысы өтті. Шара барысында жақтау тарапы «Алау» тобы мен даттау тарапы «Айқап тобы» белгілі тақырып төңірегінде өз көзқарастарын дәлелдер арқылы қорғап, пікірталасты. Дебатта әр тарап өз позициясы бойынша ойын барысын өрбітті. Шараға «IQAP»пікірсайыс клубы, үйірме жетекшісі Омаров Аңсаған Еркінұлы, «Болмыс» мәдени-әдеби клуб мүшелері қатысты. Пікірталаста білімнің қайнар көзі ретінде кітаптың маңызы дәлелденіп, жақтау тарапы «Алау» тобы жеңімпаз атанды.
Толығырақ... Оқылды: 118 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.05.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика