Жаңалықтар

Ұлы Жеңіске 80 жыл толуына орай «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс» атты тарихи сағаты өтті

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс» атты тарихи сағат өтті. Шара 1 минут үнсіздікпен басталып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтар еске алынды. Іс-шараны кітапханашы Айнаш Райқұлқызы жүргізіп, соғыс жылдарындағы қаһармандық пен отансүйгіштік жайында мазмұнды ақпаратпен бөлісті. Шара барысында қазақстандық ержүрек батырлар – Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың өмір жолы мен ерлігі туралы мәліметтер беріліп, олардың қаһармандығы ерекше құрметпен еске алынды. Оқырмандар назарына соғыс тақырыбындағы әдебиеттерден құралған «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде мазмұнды әдебиеттер көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Толығырақ... Оқылды: 143 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.05.2025

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар» атты патриоттық сағат өтті.

5 мамыр күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар» атты патриоттық сағат өтті. Шара барысында «Ерлік пен абыройдың символы – Отан қорғаушылар» атты қысқаша бейнеролик көрсетіліп, «Қарулы күш – ел тірегі» атты кітап көрмесімен кітапханшы Тұрсынханова Ажар библиографияық шолу жүргізді. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні — Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелердің бірі. Бұл күн еліміздің Қарулы Күштерінің құрылған күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн – еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігін күзетіп жүрген сарбаздар мен әскери қызметкерлерге, сондай-ақ әрбір ер азаматқа арналған құрмет күні. Шарада Талдықорған қаласының №13 орта-мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Уалиева Назгүл Замзабекқызы баяндама оқыса, осы мектептің оқушылары патриоттық өлеңдерін оқыды және №17 орта-мектептің кітап...
Толығырақ... Оқылды: 96 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.05.2025

Толығырақ... Оқылды: 158 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.05.2025

«Шектеулі мүмкіндік — шектеусіз ақпарат» ақпарат сағаты өтті.

облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Шектеулі мүмкіндік — шектеусіз ақпарат» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Нұрланов Рауан 5 мамыр – Халықаралық мүгедектер құқығын қорғау күні туралы кеңінен мағлұмат беріп, бұл күннің маңыздылығына тоқталды. Ол қатысушыларды бөлімде көрсетілетін қызмет түрлерімен, зағип және нашар көретін жандарға арналған ақпараттық ресурстармен таныстырды. Айта кетейік, жыл сайын 5 мамырда әлемдік қауымдастық Мүгедектердің құқықтары үшін күрестің халықаралық күнін атап өтеді. Бұл күн алғаш рет 1992 жылы Еуропаның 17 елінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың физикалық, психикалық немесе сенсорлық шектеулері бар адамдарды кемсітуге қарсы, олардың тең құқықтарын қорғау мақсатында қоғамдық шаралар өткізу арқылы бастау алған.
Толығырақ... Оқылды: 116 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 02.05.2025

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнне орай «Бейбітшілік ел тілегі» атты кездесу кеші өтті

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Бейбітшілік ел тілегі» атты мерекелік кеші өтті. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-ші сессиясында: «Бірлік пен бейбітшілік-біздің негізгі құндылықтарымыздың бірі. Бұл біз болашақта да ұстанатын мемлекеттік саясаттың негізгі қағидасы» деп атап өтті. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосқанын айта кету керек. Шараның шымылдығын кітапхана директорының орынбасары Мадина Баймендинова ашып, барша жиналған қауымды мерекемен құттықтап, Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналғанын айта кетті. Мерекелік шарада сөз алған «Полония» Талдықорған өңірлік поляк мәдени-ағарту қоғамының...
Толығырақ... Оқылды: 97 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.04.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика