Жаңалықтар

«Абақтың тарихи шежіресі» тұлғатану сағаты

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде Жетісу өңірінің көрнекті тұлғаларының бірі – атақты би Сайымбелекұлы Абақтың туғанына 235 жыл толуына орай «Абақтың тарихи шежіресі» атты тұлғатану сағаты өткізілді. Тұлғатану сағатын бөлім меңгерушісі Гаухар Скабаевна өткізді. Ол Абақ бидің өмір жолы, ел ішіндегі беделі, билік айтқандағы даналығы мен шешендік өнері туралы тың деректерді оқырмандарға баяндап берді. Сонымен қатар, оның ұрпақтарына қалдырған рухани мұрасы мен ел ішіндегі орны жайлы кеңінен мәлімет ұсынылды. Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Қатысушылар Абақ би туралы бұрын-соңды естімеген деректермен танысып, өз ойларымен бөлісті. Шара мазмұнды әрі танымдық сипатта өтті.
Толығырақ... Оқылды: 70 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.04.2025

Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақтың ұлттық әдебиетінің майталманы» атты тарихи сағат өтті.

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері, XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі – Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақтың ұлттық әдебиетінің майталманы» атты тарихи сағат өткізілді. Шара барысында бөлім меңгерушісі Гаухар Скабаевна қатысушыларға жазушының өмірі мен шығармашылық жолы жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Сәбит Мұқанов – тек жазушы ғана емес, сонымен қатар қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан ғалым, ұстаз, қоғам қайраткері. Оның шығармаларында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, тарихи оқиғалар мен заман тынысы кеңінен көрініс табады. Іс-шара барысында жазушының еңбектері, атап айтқанда «Ботагөз», «Сұлушаш», «Аққан жұлдыз» романдары мен өмірбаяндық жазбалары жөнінде мағлұматтар беріліп, қатысушылар оның шығармаларынан үзінділер тыңдады.
Толығырақ... Оқылды: 194 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.04.2025

«Кітап – ғасырлар шежіресі» атты кітап фестивалі өтті

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Кітап – ғасырлар шежіресі» атты кітап фестивалі өтті. Айта кетейік, 2024 жылдың 9 шілдесінде Үкімет қаулысымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып ресми түрде бекітілген еді. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үшінші Ұлттық құрылтай сессиясында қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жөнінде берген тапсырмасына орай жүзеге асқан болатын. Ұлттық кітап күні – халықты кітап оқуға ынталандыру, жастардың әдебиетке деген құштарлығын ояту және ұлттық әдеби мұраны кеңінен насихаттау мақсатында ерекше маңызға ие. Салтанатты шараның шымылдығын кітапхана директоры Самал Шаяхметова ашып, барша жиналған қауымды Ұлттық кітап күнімен құттықтап, бұл күннің рухани маңызы мен кітаптың қоғамдағы орнын атап өтті. Мереке барысында Дәнеш Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернатының оқушылары кітапқа арналған жүрекжарды өлеңдерін оқып, шараның мазм...
Толығырақ... Оқылды: 102 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.04.2025

23 сәуір – «Ұлттық кітап күніне» орай «Кітап – мәңгілік мұра» атты кітап жәрмеңкесі өтті

22 сәуір күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап – мәңгілік мұра» атты кітап жәрмеңкесі өтті. Бұл мәдени іс-шараның басты мақсаты – әдеби оқылымдардың мәртебесін көтеру, қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру және Жетісу өңіріндегі қаламгерлердің шығармашылығын кеңінен насихаттау. Шара аясында ел назарын аударған маңызды сәттердің бірі – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбайдың жәрмеңкеге арнайы қатысуы болды. Ол алдымен кітапхана жанындағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы бөліммен танысып, бұл бағыттағы жұмыстарға жоғары баға берді. Кейіннен Мәлік Нұржанұлы «Жетісудың рухани қазынасы» атты кітап көрмесін тамашалап, өңір әдебиетінің өркендеп келе жатқанын атап өтті. Ел ертеңін парасат пен пайым арқылы көркейтуді мақсат еткен бұл бастамалар – мәдениет пен руханияттың мәңгілік маңызын айқындай түсетініне сенім б...
Толығырақ... Оқылды: 127 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.04.2025

Кешкі кітапхана жобасы аясында «Жұмысшылар мамандықтар жылына» орай «Еңбек адамы – елдің байлығы» атты шара өтті.

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне, сондай-ақ 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына орай, 18 сәуір күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Еңбек адамы – елдің байлығы» атты шара өтті. Аталған кеш – елдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарына арналды. Себебі еңбек – адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі. Адал еңбек арқылы адам тек жеке армандарына ғана қол жеткізіп қоймай, елінің өсіп-өркендеуіне де өзіндік үлесін қосады. Іс-шара барысында «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені кітапханашы Тұрсынханова Ажар таныстырып, көрмеге қойылған кітаптар мен басылымдар жайлы мазмұнды ақпарат берді. Шара барысында «Көңілді күн, мықты ұжым» атты бейнеролик көрсетіліп, онда түрлі салада еңбек етіп жүрген мамандардың күнделікті жұмысы мен жетістіктері көрермен назарына ұсынылды....
Толығырақ... Оқылды: 136 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.04.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика