Жаңалықтар
Ұлттық домбыра күніне орай«Бабамыздың үнісің сен - домбыра» атты кітап көрмесі өтті
Көрмеге қазақ күйлерінің шығу тарихы, қазақ халқының музыкалық мәдениетінің дамуына үлкен ықпал еткен ұлы домбырашылар, күйшілік дәстүр, домбыра өнерін үйрену, күйлер мен әндердің домбыраға арналған ноталары туралы әдебиеттер оқырман назарына ұсынылды.
Кітап көрмесінде қазақ халқының ұлы күйшісі, сазгер және ұлттық аспаптық музыкасының классигі Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми зерттеулер мен әдеби танымдық шығармалар таныстырылды. Олардың арасында екі тілде жарық көрген кітаптар да болды.
Сонымен қатар, күйші Дина Нұрпейісова, қазақтың әйгілі халық ақыны Кенен Әзербаев және күйші-композитор Төлеген Момбековтың өмірі мен шығармаларына қатысты естеліктер мен шығармалары көрсетілді. Бұл кітаптарда олардың өнері мен шығармашылығына арналған библиографиялық шолу жасалды.