Жаңалықтар

«Үздік оқырман - 2025» облыстық байқауы

«Үздік оқырман - 2025» облыстық байқауы
Уақыты: 15.01.2025
Оқылды: 34
Санат: Афиша

«Үздік оқырман - 2025» облыстық байқауының шарттары

  1. Байқауға қатысушы орталық кітапхананың оқырманы болып тіркелуі тиіс.
  2. Әрбір қатысушы 2025 жыл бойы номинацияға сәйкес кітаптар оқуы тиіс. Ол оқырман формулярымен расталады.
  3. Қатысушылар өзіне ұнаған көркем әдебиеті туралы күнделікке жазып отырады. Жеңімпаздарды анықтау кезеңінде қазылар алқасы қатысушыларға оқыған шығармалары бойынша сұрақтар қояды.
  4. Байқауға қатысу үшін өтінімдер электронды түрде 2025 жылдың қаңтар айынан бастап қараша айының 30-на дейін okuzaly.19@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

Байқау номинациялары:

  1. «Ең үздік оқырман» номинациясы – 2025 жыл бойы оқылған кітаптардың жалпы саны бойынша анықталады (кем дегенде 70 кітап);
  2. «Ең белсенді жас оқырман» номинациясы – 15-21 жас аралығындағы жасөспірімдер және 2025 жыл бойы оқылған кітаптардың жалпы саны бойынша анықталады (кем дегенде 50 кітап).

 

Байқау жеңімпаздары желтоқсан айында «Үздік оқырман – 2025» іс-шарасында арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталады.

Байланыс телефондары: 8 (7282) 60-10-95, 87714037639 e-mail: okuzaly.19@mail.ru

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика