Жаңалықтар
«Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» облыстық байқаудың шарттары

«Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» облыстық байқаудың шарттары
- Байқауға қатысатындар туралы өтінім 2025 жылдың сәуір айының 20 на дейін okuzaly.19@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Байқау Сейфуллин атындағы Жетісу облысының орталық кітапханасында 2025 жылдың мамыр айында өтетін болады.
- Байқауға 13-14 жас аралығындағы қатысушылар қатыса алады.
Әдебиеттер тізімі:
1. «Ұшқан ұя»
2. «Мәскеу үшін шайқас»
3. «Курлияндия майданы»
4. «Музей апа»
I кезең «Томаға киген тау бүркіт» бағыты бойынша қатысушылар
Б. Момышұлының өлеңдерін жатқа оқиды. (әдебиеттер тізімі төменде көрсетілген).
II кезең Оқылған шығармалардан қысқа көрініс қою. Көрініс 3 минуттан аспауы тиіс.
III кезең «Дұрыс жауап» кезеңінде қатысушыларға жазушы Б.Момышұлының өмірі жайлы сұрақтар қойылады (әр қатысушыға 5 сұрақтан қойылады).
IV кезең «Батырым – Бауыржан» кезеңінде қатысушыларға жазушы Б.Момышұлының шығармашылығы және жоғарыда берілген шығармаларынан сұрақтар қойылады (әр қатысушыға 5 сұрақтан қойылады).
Байқаудың жеңімпаздары қазылар алқасының дауыс беру қортындысы бойынша анықталады.
Байқаудың қортыныдысы бойынша «Абай әлемі» байқауының жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Байланыс телефондары: 8 (7282) 60-10-95, 87714037639 e-mail: okuzaly.19@mail.ru
«Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» облыстық байқауға ұсынылған әдебиеттер тізімі:
-
- Ана тілін ардақта
- Тырнақтап жина әр жерден
- Ескертпе
- Арман жар
- Қайран сегіз
- Әскер аты