Жаңалықтар

«Еліне елеулі тұлға» атты кездесу кеші өтеді.

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 24 мамыр күні сағат 11:00-де жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері Әли Әпекұлы Ысқабайдың 85 жасқа толуына орай «Еліне елеулі тұлға» атты кездесу кеші өтеді.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: Афиша Уақыты: 20.05.2024

«Сұлу саздың сәулетшісі»

Құрметті оқырмандар! Сіздерді 26 сәуір сағат 11:00 де Халықаралық және Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Мұратхан Егінбаевтың 85 жасқа толуына орай «Сұлу саздың сәулетшісі» кездесу кешіне шақырамыз!
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: Афиша Уақыты: 24.04.2024

«KITAP ШОУ- 2024»

Құрметті оқырмандар! 23 сәуір - Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай «KITAP ШОУ- 2024» кітап фестиваліне шақырамыз! Шара аясында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлбақыт Қасеннің түрік тілінде шыққан «Бақыт гүлі» кітабының тұсау кесері «Жауһазын - ғұмыр» жас ақындардың поэзиялық көрінісі «Book Dating» мерейтой иелерінің кітап кейіпкерлерінен дефиле «Сан сұраққа саяхат» атты викториналық ойыны; «Библио спорт» алаңы: тоғызқұмалақ және шахмат ойындары; «Karaoke time» ән караокесін тамашалай аласыздар!
Толығырақ... Оқылды: 76 Санат: Афиша Уақыты: 19.04.2024

«Кітаптарды сыйға тарту»

Құрметті оқырмандар! Сіздерді 2 сәуір күні «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында «Кітаптарды сыйға тарту» мәдени шарасына шақырамыз.
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: Афиша Уақыты: 29.03.2024

«Ұлт діңгегі – ұлттық киім»

Құрметті оқырмандар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасына сай «Ұлттық киім күніне» орай 18 наурыз сағат 11:00 де Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Ұлт діңгегі – ұлттық киім» атты кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: Афиша Уақыты: 14.03.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика