Жаңалықтар

«Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты айлық шарамыз жалғасуда

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы маусым айында балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты айлық шарамыз жалғасуда. 19 маусым күні қаламыздың №12 орта мектеп гимназиясының жанындағы жазғы демалыс лагерінің 3-4 сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияның мақсаты: балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Экскурсия барысында балаларға кітапхана тарихы, ережелері және бөлімдері таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптар мен мерзімді басылым бөліміндегі журналдардың, газеттердің сақталу тәртібі туралы ақпараттар беріліп, оқырмандардың...
Толығырақ... Оқылды: 4 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.06.2025

«Терроризмге қарсы күрес туралы» виртуалды көрме

Назарларыңызға «Терроризмге қарсы күрес туралы» виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз. Экстремизм мен терроризммен күрес бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бір ғана адам немесе топ қана айналысатын дүние емес, қоғам болып ат салысатын күрделі мәселе. Жыл сайын террористік топтардың саны артып келеді. Өскелең жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, діни сауатын ашып, дәстүрлі дінімізбен сусындатып, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңдіре алып қана түбегейлі діни экстремизмнің де, терроризмнің де тамырына балта шаба аламыз. Көрмеге «Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі дәстүрлі діндердің ролі», «Терроризм: шындық пен шырғалаң», «Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы», «У терроризма нет лица», «Терроризм любимое детище ЦРУ» т.б. кітаптар қойылды.
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.06.2025

«Әбу Насыр әл-Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы» атты тұлғатану сағаты

Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Әбу Насыр әл-Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы» атты тұлғатану сағаты өтті. Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері ұлы ғалымның өмір жолы мен ғылымдағы орнын таныстырып, философия, математика, музыка, логика сияқты түрлі салалардағы еңбектері жайында кеңінен баяндады. Оқырмандар Әл-Фарабидің адамзат өркениетіне қосқан үлесі, ғылыми ой-тұжырымдары және оның «Екінші ұстаз» атануының мәні туралы мол мағлұмат алды. Шараға бөлімнің тұрақты оқырмандары қатысты. Қатысушылар іс-шарадан рухани әсер алып, ғалымның даналығы мен білімге деген құштарлығын ерекше ықыласпен қабылдады.
Толығырақ... Оқылды: 6 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.06.2025

Айтыскер ақын Бақтыбай Жолбарысұлының туғанына 190 жыл толуына орай «Айтыс өнерінің ақиығы» атты кітап көрмесі өтті

13 маусым күні Жетісу облысының С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының кітапханашысы Айнұр Иманбаева қаламыздағы №18 орта мектеп оқушыларына айтыскер ақын Бақтыбай Жолбарысұлының 190 жылдық мерейтойына арналған «Айтыс өнерінің ақиығы» атты кітап көрмесін таныстырды. Бақтыбай Жолбарысұлы – Жетісу өңіріндегі поэзия мектебінің көрнекті өкілі. Ол 1842 жылдың маусым айында дүниеге келген. Жеті жасында жетім қалып, біраз жыл Балқаш, Сексеуіл, Шұрық маңындағы нағашыларының қолында тәрбиеленеді. Кейін елге оралып, ауқатты туыстарының малын бағып күн көреді. Ерте жастан-ақ өлеңге бейімділігін танытып, жиын-тойларда суырыпсалма ақын ретінде көзге түсе бастайды. Ақыры, бойындағы табиғи таланты оны жалшылықтан құтқарып, өнер жолына түсуге жетелейді. Ақынның аты Жетісу жұртына кеңінен таралуына себеп болған — атақты Тезек төремен болған айтысы. Төренің абыройынан именбей, оның әлсіздерге көрсеткен озбырлығын батыл әшкерелейді. Бақтыбай ақын шығармаларында әділе...
Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.06.2025

Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты апталық шарамыз жалғасуда

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы маусым айында балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты апталық шарамыз жалғасуда. 11 маусым күні қаламыздың Бақтыбай Жолбарыс атындағы №18 орта мектептің жанындағы жазғы демалыс лагерінің демалушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияның мақсаты: балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Экскурсия барысында балаларға кітапхана тарихы, ережелері және бөлімдері таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптар мен мерзімді басылым бөліміндегі журналдардың, газеттердің сақталу тәртібі туралы ақпараттар беріліп, оқ...
Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.06.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика