Жаңалықтар

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кitap –шоу 2023» фестивалі өтті.

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кitap –шоу 2023» фестивалі өтті.
Уақыты: 23.04.2023
Оқылды: 59

Фестивальдің мақсаты – «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын қолдау, балалар мен жасөспірімдердің оқу сауаттылығын көтеру және кітап оқу мәдениетін дамыту және түркі халықтарының тарихи және әдеби мұрасын насихаттау.

Фестиваль 5 бөлімнен тұрды. Кітап-Дефилесінде кітапханашылар облыс әкімінің қолдауымен шыққан ақын-жазушылардың кітабымен таныстырса, «Қолтаңба-time » кітап авторларымен кездесу өтті. Сондай-ақ, «Сан сұраққа саяхат» атты сырласу кеші мен «Jas DARYNDAR» зияткерлік ойыны жас оқырмандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Кітапхананың жазғы алаңында «Жетісуым – жұмақ мекенім» атты өлке әдебиеттерінен кітап көрмесі таныстырылып, кітап-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, жас оқырмандарға арналған балаларға сурет салу, жұмбақтар, мозайка құрастыру және тағы басқа ойындар өтті.

Фестивалдің алғашқы сөзін алған Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Қалқабаева Гүлмира Мәлікқызы «Мәдениеттің мәйегі кітап екенін алға тартып, оқырмандарды кітап оқуға тарта отырып, авторларды елеулі мерекесімен құттықтады».

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы ұлттық кітапханасының бастамасымен «Кitap –шоу 2023» фестивалі еліміздің барлық кітапханаларында өтті.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика