Жаңалықтар

9 мамыр Ұлы жеңіс күніне орай «Жеңіске жеткен халықтың батылдығын жырла» атты музыкалық- әдеби композиялық кеші өтті.

9 мамыр Ұлы жеңіс күніне орай «Жеңіске жеткен халықтың батылдығын жырла» атты музыкалық- әдеби композиялық кеші өтті.
Уақыты: 09.05.2023
Оқылды: 54

Шараның мақсаты: Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен аналардың тұлғасын, асыл бейнесін ашу, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету.

Шара барысы соғыста ерлікпен қаза тапқан жауыңгерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алып, отан қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны жайлы «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты бейнесюжетімен басталды. Кіріспе сөзді кітапханашылар бастап әскери ардагерлер сөз сөйледі.Сонымен қатар, ҚР Мәдениет саласының үздігі Б.Әбенова, «Әлия» әнін шырқаса, “АруДэнс” би тобы «Сарбаздар» биін биледі. Мектеп оқушылары Жеңіс күніне арналған арнау өлеңдерін оқып беріп, Селахаттин Мина «Катюша» әнін орындап оқырмандарымызға тамаша көңіл күй сыйлады.

Шараға әскери ардагерлер, Мамандандырылған күзет қызмет басқармасының қызметкерлері, 54380 әскери байланыс бөлім қызметкерлері, кәдет мектебінің оқушылары және № 21 орта мектеп оқушары қатысты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика