Жаңалықтар

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балғын балалық шақ» атты мерекелік кеші өтті.

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балғын балалық шақ» атты мерекелік кеші өтті.
Уақыты: 01.06.2023
Оқылды: 50

Мерекелік шара кітапхана директоры м.а С.Қ. Шаяхметованың құттықтау сөзінен бастау алып, Жетісу облысының балалар жазушыларының кітаптарынан дефиле ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Бақжұлдыз» өнер мектебінің оқушылары ән айтып, би билеп мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кітапхана фойесінде «Ғажайып сурет әлемі» атты сурет салу байқауы және шахмат, шашки ойындары ойнатылды. Жаздық алаңда «Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты кітап көрмесі таныстырылып, «Балғын балалар- біздің болашағымыз» атты Party-да тик-ток түсіру, фобия, сұрақ-жауап викториналары және түрлі ойындарымен жалғасты.

100 ден аса қала бүлдіршіндері қатысқан шараға Жетісу облысының мамандандырылған күзет қызмет басқармасы, «Respublica» партиясы және «Party food» тез тамақтану орталығы демеушлік етіп, балаларға түрлі тәттілер үлестіріп, ойын жеңімпаздарын сыйлықтармен марапаттады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика