Жаңалықтар

«Kitap Time – 2023»

«Kitap Time – 2023»
Уақыты: 15.09.2023
Оқылды: 68

Бүгін кітапхана шаңырағында «Kitap Time – 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтті.

Айтулы шараның мақсаты- кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интелектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын кітап оқуға тарту, көркем әдебиетке деген құштарлығын, өскелең ұрпақтың рухани- адамгершілік білімін арттыру.

Шара барысында 2023 жылғы мерейтой иелерінің кітаптарына арналған «Кітап-дефиле» ұйымдастырылып,жас ақындар мен оқырмандар арасында «Поэзия Тіме» атты кездесу ұйымдастырылды.

Оқырмандарға арналған «Сирек кітаптар және бабалар аманаты» атты ашық диолог, «Кітап – әлеміне саяхат» кітап көрмелері, кітап- жәрменкесі ұйымдастырылып, «Art-vision» қолөнер шеберлері мен суретшілердің павильоны, «Kitapland Travel» викториналық ойындар, «Библио sport» алаңында тоғызқұмалақ және шахмат турнирі, робототехника инклюзивті ойындары ойнатылды.

Кештің басты қонағы ақын, журналист Қуат Қайранбаев, ақын Гүлбақыт Қасен және Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалының төарағасы Жангелді Немеребай қатысты.

Сондай-ақ аталмыш шарада, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, жазушы, журналист Қажет Андас және жас ақындар Азамат Нұрмұхан, Бейбарыс-Сұлтан Өмірбай, Нұртілеу Рәуияұлы, Құрман Қозыбай және қала колледжінің студенттері мен оқырмандар қатысты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика