Жаңалықтар
Өнер биігіндегі Биапа

2023 жылы 29 қыркүйек күні Қазақ КСР-інің халық артісі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, актриса – Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына орай өткен “BIKEN” I – Халықаралық театр фестиваліне Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы «Өнер биігіндегі Биапа» атты кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің бірінші бөлімінде Бикен Римованың өмірі мен шығармашылығына арналған және актриса жайында жазылған еңбектері мен мақалалар жинағы орналастырылған.
Сондай-ақ, жалпы театр өнеріне арналған. Республикалык және Облыстык театрларларда әр жылдардагы сахналанған койылымдар туралы, ұлттык театрдын танымал шеберлері туралы әдебиеттер жинағы қойылды.
Атап айтсак КСРО халык әртісі Шакен Айманов, Казакстаннын Халык артистері Сабира Майканова, Әмина Өмірзақова, Нұрмұхан Жантерин, Қасым Жәкібаев, Ыдырыс Ноғайбаев, Сабит Оразбаев, Әнуар Молдабеков, Нүкетай Мышбаева, КСРО халык артисі Асанәлі Әшімов сынды қазақтын атақты әртістері туралы кітаптарда сахналанган пьесалар, олардың сомдаған рольдері туралы, театр ұжымдарының суреттері берілген. Сонымен қатар ұлтық театр өнерін дамытуға үлес қосқан режиссерлер Әзербайжан Мәмбетов, Есмұхан Обаев, Сатыпалды Нарымбетов т.б. шығармашылыктары жайында кітаптар таныстырылды. Сонымен қатар кітап көрмесінің соңғы жагында театр сыншысы Әшірбек Сыгайдын Сахна санлақтары туралы және жалпы театр туралы кітаптар орын алды.
Көрменің екінші бөлімінде Жетісу өңіріңдегі іргелі өнер ошақтарының бірі Б.Римова атындағы облыстық драма театры туралы кітаптар қойылды. Театр еліміздің мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келеді.
Айта кетейік, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында 60 жылға жуық өмірін өнерге арнаған талантты актриса театр сахнасында қазақ және шетелдік драматургтердің пьесалары бойынша 170-тен астам рөлдерді сомдаған. Театрдағы жұмысымен бірге Б. Римова 1955 жылдан бастап киноға да түсе бастаған.