Жаңалықтар
«Үздік жыл әдіскері» облыстық әдіскерлер байқауы

2023 жылдың 4 қазан күні С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен әдіскерлердің жан-жақты біліктілігін, кәсіби шеберлігін анықтау мақсатында «Үздік жыл әдіскері» облыстық байқауы өтті.
Байқау ережеге сай 3 кезеңнен тұрды.
1 кезең: «Мен әдіскермін» өзін таныстыру
2 кезең: «Ұшқыр ой, ұтымды жауап» сұрақ-жауап
3 кезең: «Білікті маман – креативті жоба» жоба таныстырылым
Бақ сынасуға аудан, қала, ауыл кітапханаларынан 5 кітапханашы қатысып, кәсіби біліктіліктерін ортаға салды. Байқау қорытындысы бойынша І ші дәрежелі дипломмен Омарова Жанар Мелісқызы, ІІ дәрежелі дипломмен – Берекполова Айдана Серікқызы, ІІІ дәрежелі дипломмен – Мүйтунова Алтыншаш Бейсенбайқызы марапатталса, Сейполдина Айсұлу Тілектесқызы, Нурумова Бағлан Сейтқазықызына алғыс хаттар табысталды.