Жаңалықтар
«Абай – дана, Абай – дара қазақта»

2023 жылдың 10 тамызында С.Сейфуллин атындағы Жетісу орталық кітапханасының жаздық алаңында Абай күніне орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты Open-air өтті.
Шара барысында ақынның кітап көрмесі ұйымдастырылып, шығармашылығы насихатталды. Ақын Салтанат Құмархан Абайдың «Сегіз аяқ» әнін орындап, мектеп оқушылары ақын өлеңдерін оқыды. Сондайқ-ақ көрермендерге Абай өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылып, сауалнама жүргізілді.
Аталған іс-шараға Жетісу облыстық Тіл басқармасы мониторинг және талдау бөлімінің басшысы Мөлдір Қуандық және Жетісу облысы мамандандырылған күзет қызмет басқармасы, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балалары қатысты.