Жаңалықтар
«Балалар әдебиетінің майталманы»

11 қазан күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында қазақ ақыны, әдебиеттанушы Мұзафар Әлімбаевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің майталманы» атты ауызша журнал өтті.
Шара барысында оқырмандарға ақынның «Бала деп соққан бауырмал жүрек» атты оның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнесюжетінен бастау алып, «Бөрлінің әдеби әлемі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Шараға арнайы қатысқан әнші, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Абылайхан Хармысов ақын Мұзафар Әлімбаев жайлы шығармаларына тоқталып, ақынның сөзіне жазылған «Бақытым бол» әнін орындады. Сонымен қатар кітапханашы Айым Жұмабекова оқырмандарға ақынның өзі шығарған көптеген мақал-мәтелдерін қанатты сөздері мен сөз тіркестерін айтты.
Шара соныңда №13 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Чармухамбет Нұрсұлу, 6-сынып оқушылары Сламғали Еркежан мен Рысбек Нұрай ақының өлеңдерін оқыса, жас оқырман Ерасыл Тұрғанбай «Би» деп аталатын күйін орындап, қатысушыларға тамаша көңіл-күй сыйлады.