Жаңалықтар

«Кітап оқу көшбасшысы-2023» облыстық байқауы

«Кітап оқу көшбасшысы-2023» облыстық байқауы
Уақыты: 27.11.2023
Оқылды: 43

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Оқитын ұлт» жобасын іске асыру, балалар әдебиетін кеңінен насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітап оқу көшбасшысы-2023» облыстық байқауы өтті.

Жарысқа көркем сөз оқу шеберлігін игерген 11-12 жас аралығындағы аудан, қала мектептерінің 16 оқушысы қатысып бақ сынасты.

Байқау үш кезеңнен тұрды.

І кезеңде «Эссе» жазу яғни, алдын ала ережеге сай үздік 6 автордың шығармаларына эссе жазып, қазылар алқасына берді.

ІІ кезеңде «Портретті біліңіз» тапсырмасында, экраннан ұяшықтарды тандай отырып, ұяшықта жасырылған белгілі жазушылардың аты-жөнін суреті бойынша тауып, жауабын қазылар алқасына ұсынды.

ІІІ кезеңде «Әрі қарай, әрі қарай…» тапсырмасы бойынша оқыған 6 автордың шығармаларынан сұрақтар қойылды.

Байқауға «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің», «Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мен «С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхана» қызметкерлері әділ қазылық етті.

Байқау қорытындысы бойынша Талдықорған қаласының № 14 орта мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Әдемі Жеңіс І дәрежелі, Қаратал ауданы, Тастөбе ауылының 6 сынып оқушылары Таңшолпан Қабиқызы ІІ дәрежелі, Айтұмар Жанатбекқызы ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Байқауға қатысқан барлық үміткерлер мен жетекшілеріне алғыс хаттар мен арнайы марапаттар берілді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика