Жаңалықтар

Қазақ КСР-нің халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ғасыр тойы» кітабының тұсаукесері

Қазақ КСР-нің халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ғасыр тойы» кітабының тұсаукесері
Уақыты: 28.11.2023
Оқылды: 49

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қырғыз Республикасы өнерінің еңбек сіңірген қайраткері, актриса Бикен Римованың туғанына 100 жыл толуына орай журналист, республикалық «Үшқоңыр» газетінің бас редакторы Болат Батыр мен Қазақстанның театр қайраткері Зәмзәгүл Әмірғалиеваның бірлесе шығарған кітап авторларының «Болат Медиа» баспасынан жарық көрген «Ғасыр тойы» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Шара барысында кітап авторларының өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнеролик көрсетіліп, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әміре Әрін және ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым кітаптың тұсауын кесті.

Рухани шараға жиналған қауым арасынан Талдықорған драма театрының директоры Ерлік Жуасбек және ақын Гүлбақыт Қасен сөз алып авторларға ықылас танытып, шығармашылық табыстар тіледі. Республикалық «Үшқоңыр» газетінің бас редакторы Болат Батыр газетке белсенді мақала жазғандарға арнайы марапаттарын табыстап, алғысын білдірді.

Шараға Жетісудың ақын-жазушылары мен белгілі зиялы қауым өкілдері мәдениет мекемесіне қарасты қызметкерлер және студенттер қатысты.

Шара соңында кітапхана директоры Самал Шаяхметова кітап сүйер оқырмандар үшін осындай мағынасы терең, мәні зор рухани азық қалдыратын кітаптар шығарылып, оқырмандар жүрегіне жол тапсын дей отырып келген қонақтарға алғысын білдірді. Мәдениет саласының үздігі, Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншісі Бақытгүл Әбенованың орындауында «Жақсы адамдарым» әнімен аяқталды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика