Жаңалықтар
Карнавалды Кітапхана түні

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдыстыруымен «Оқитын ұлт» жобасын іске асыру мақсатында
« Карнавалды Кітапхана түні-2023» әлеуметтік-мәдени іс шарасы өткізілді.
Оқырмандарды кітапқұмарлыққа баулу, оқуды дәріптеу, қала тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне атсалысу, кітапханамен қоғамның арасындағы байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған шараға Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Мәлікқызы Қалқабаева арнай қатысып, рухани және мәдени дамудың басты құралы кітап оқудың өміршеңдігін жеткізе келе, бүгінгі кітапхана түніне сәттілік тіледі.
Кештің басы «Biblio night» атты карнавалды шоуымен басталып, кітапхананың түнгі әлеміне жиналған қала тұрғындарына кітаптағы ең құнды тарихи дастандардағы ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы жайында жазылған асыл мұралар кітап арқылы жеткізе білетін оқырмандарға «BookDating» атты кітап кейіпкерлерінің дефилесімен жалғасты.
Өмірін өлеңмен өрнектеген Жетісулық жас ақындар Ж.Немеребай, А.Нұрмахан, Қ.Абдрахман, М.Күмісбек, Ө.Бейбарыс поэтикалық батлда ең үздік сиясы кеппеген өлеңдерін оқып, әзіл аралас эппиграма шығарып шараның шырайын кіргізді.
«Ашық микрафон»айдарында блогер «Болмыс» кітап клубының жетекшісі Шынаргүл Оңашбайдың қатысуымен кітапханаға жазылу акциясы өтті. Сонымен қатар «Biblio-darts» алаңындакітапқабайланыстысұрақ-жауаптан тұратын ойындар ұйымдастырылып, «Дәмді кітаптар»библиофуршетінде оқырмандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын, жанға жайлы демалыспен қатар рухани нәр беретін кітаптармен кеңінен танысуға мүмкіндік берілді.
Сондай-ақ,«АктерTime»айдарында қонақта Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының әртістері Ғ.Темiрбаева, А.Нұғманов және А.Тулеуова өздерінің мол тәжірибесімен бөлісіп шеберлік сағатын өткізді. Кешке келген оқырмандар кітаптардан Жетісу өлкесінің табиғаты суреттелген «Библио галерея» көрмесін тамашалап, «Кinopark» кітап желісіндегі киноларды көріп, «Cover show» караоке музыкалық кешінде ән шырқады.
Ұйымдастырылған шараға қала тұрғындары, Талдықорған қаласының зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мәдени мекеме қызметкерлері және кітапхана оқырмандары қатысып, маңызды да қызықты демалыс үшін алғыс білдіріп тарқасты.