Жаңалықтар

«Тарихи тұлғаға тағзым»

«Тарихи тұлғаға тағзым»
Уақыты: 20.02.2024
Оқылды: 54

Қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, тарихшы-ғалым, тұңғыш теміржол инженері Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына 145 жыл толуына орай «Тарихи тұлғаға тағзым» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Қазақ халқының алғашқы инженері, тарихшы-ғалым М.Тынышбаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Туған халқына, оның тарихына сіңірген еңбегін дәріптеп, Ұлы адам өмірін үлгі ету арқылы оқушыларды елін, жерін сүйе білуге баулу.

Шараға облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Н.Базарбаева, Талдықорған қаласындағы №20 мамандырылған лицейінің 10 сынып оқушылары мен лицейдің кітапхана меңгерушісі Л.Серикова қатысты.

Ақпарат сағаты М.Тынышбаевтың өмірі мен қызметі туралы «Тар жол, тайғақ кешу» атты бейне-ролик көрсетілімімен басталды. Шара барысында облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Н.Базарбаева Мұхамеджан Тынышбаевқа қатысты тарихи құжаттармен және тың деректермен бөлісіп, оқырмандарды тарихи тұлғаны жан-жақты танып білу үшін облыстық тарихи-өлкетану музейіне шақырды.

Кітапханашы Г.Түстебаева «Мұхамеджан Тынышбаев: ғұмырдан да ұзақ жол» атты кітап көрмесімен таныстырып, шара соңында көрмеден 6 кітап қолға берілді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика