Жаңалықтар

«Қазақтың қас батыры – Қарасай»

«Қазақтың қас батыры – Қарасай»
Уақыты: 12.02.2024
Оқылды: 75

2024 жылдың 12 қантар күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшы Қарасай Алтынайұлының 435 жылдығына орай «Қазақтың қас батыры – Қарасай» атты ерлік сағаты өтті.

Шараға Талдықорған қаласының №15 орта мектептың 10 сынып оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімі Г.Әбішева және №54380 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері қатысты.

Шара барысында Қарасайдың ерлігі мен батырлығы, көсемдігі мен өсиеттері, халқына жасаған еңбегі туралы кеңінен мағлұмат берілді. №15 орта мектептың тарих пәнінің мұғалімі Г.Әбішева «Қазақтың қас батыры – Қарасай» атты презентация әзірлеп, баяндама оқыды. Сондай-ақ, Қарасай батыр туралы видео-сюжет көрсетіліп, «Ер – елінің қорғаны» атты кітап көрмесіне кітапханашы Г.Түстебаева библиографиялық шолу жүргізді.

Шара соңында №54380 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері А.Бабаев пен Ұ.Чемонбаев «Батырлар ұраны» әнін орындаса, қатардағы жауынгер Б.Құдайберген «Жаса қазағым» әнін орындап, қатысушылардың патриоттық сезімін оятты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика