Жаңалықтар

«Әйтеке биден қалған сөз»

«Әйтеке биден қалған сөз»
Уақыты: 07.02.2024
Оқылды: 81

Би, шешен, мемлекет қайраткері Әйтеке Байбекұлының туғанына 380 жыл толуына орай «Әйтеке биден қалған сөз» атты шешендік сөздерден сайыс өтті.

Қазақ халқының даналығы мен дәстүрлі шешендік асыл қазынасын оқырмандарға ұғындыру, мән-мағынасын ашу. Жас ұрпақты шешендік сөздер арқылы тапқырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу мақсатында өткен сайысқа қала мектептерінің 8 сынып арасында Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі мен М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының үш оқушыдан құралған 2 топ қатысты.

Сайысқа әділ бағасын беріп төрелік етуге Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Г.Құспекова, С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының кітапханашысы, мәдениет қайраткері Г.Шегенова және оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы М.Ерғалиева қазылық етті.

Сайыс төрт кезең бойынша өтті.

I-кезең «Сәлем - сөздің анасы» үй тапсырмасы.

II-кезең «Шешеннің сөзі – ақылдың көзі» шашыраңқы сөздерден шешендік сөздерді құрастыру.

III-кезең «Шешен – сөздің мәйегі» экраннан ұяшық таңдап, шешендік сөздерді жалғастыру.

IV-кезең «Кім жылдам?» екі топқа Әйтеке бидің өмірі мен шығармаларынан сұрақтар қойылды.

Топтар арасынан оза шауып алдыға шыққан «Ғаламат» тобы Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің 8 сынып оқушылары дипломмен марапатталса, «Қанаттылар» тобы М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының оқушылары және жетекшілері алғыс хатпен марапатталды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика