Жаңалықтар

"Қазақ киносының дүлділі"

Уақыты: 16.02.2024
Оқылды: 32

Қазақ киносының саңлағы және театр актері, белгілі режиссер Шәкен Аймановтың туғанына – 110 жыл толуына орай "Қазақ киносының дүлділі" атты шара ұйымдастырылып, киноларынан үзінділер көрсетілді.

Ұлттық кино тарихының атасы, қазақтың тұңғыш кинорежиссері Шәкен Айманов түсірген «Тақиялы періште» комедиясы сондай-ақ «Біздің сүйікті дәрігер», «Ән шырқады», «Алдар-Көсе», «Атаманның ақыры», «Тоғысу» сынды көптеген фильмдерінен үзінділер оқырман назарына ұсынылды.

Шара барысы кітапханашы Садырбекова Қымбат дайындаған режиссер Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылығы жайында қысқыша ақпаратпен оқырмандарды таныстырып, актер жайында жазылған кітаптарға библиографиялық шолу жасады.

Шараға қаламыздың INNOVERSE мектебінің 10 сынып оқушылары және ұстазы қатысты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика