Жаңалықтар

«Жетісу – кітап керуені»

«Жетісу – кітап керуені»
Уақыты: 06.02.2024
Оқылды: 65

2024 жылғы 6 ақпан күні сағат 10.00-де Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Жетісу – кітап керуені» жобасы аясында 2006 жылдан бастап облыс әкімінің қолдауымен жарыққа шыққан ақын-жазушылар, композиторлар мен суретшілердің кітаптарынан Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 500 дана сыйға тарту мақсатында ұйымдастырылған мәдени іс-шара өтті.

Шараны Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы ұйымдастырды.

Кітап керуенінің бастаған делегацияны шығарып салуға ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының әдеби иегері Әміре Әрін және ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым рәсіміне қатысып, ақ тілегін білдірді. Сонымен қатар қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Қыдыралыұлы Нұртай бата беріп, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалының төрағасы Жангелді Немеребай ізгі тілегін арнады.

Шараның ажарын келтірген облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның әншілері Бейбіт Мұсаев және «Күреңбел» триосы әннен шашу шашты.

  Мәдени шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер және жергілікті ақын-жазушылар, БАҚ өкілдері қатысты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика