Жаңалықтар
«Jetisu book fair» атты кітап жәрмеңкесі өтті.

Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Көркемөнер галереясында «Jetisu book fair» атты кітап жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өтті. Дәстүрлі домбыраны дәріптеген Н.Тілендиев атындағы балалар музыкалық мектебінің оркестрі көрмеге келушілердің көңілінен шығып, мәдени шараны сүйемелдеп отырды.
Шараның салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы Көлбаев, мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі, жазушы Серік Әбікенұлы Сарыбай және жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының жастар ісі жөніндегі орынбасары Бейбіт Сарыбай қатысып кітап жәрмеңкесінің маңызына тоқталып өтті.
Әдебиет сүйер қауым үшін шара барысында жазушы, журналист Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мәдениет саласының үздігі кітап авторы Қанат Тілеуханның «Шатырдағы әйел» кітабының тұсауы кесілді.
Жәрмеңкеге келген қонақтарға «Жақұт мекен Жетісу» атты облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген кітаптардан және мерей той иелерінің кітап көрмелерімен таныстырып, «Ziat», «Атамұра», «Мазмұндама» «Marfu press» баспалары, «Асыл қазына» сияқты кітап дүкендері, жеке кәсіпкерлер және жергілікті ақын-жазушылардың 2000 аса кітаптары қала қонақтары мен жұртшылығына қол жетімді бағада ұсынды.
Айта кетейік жәрмеңке 29 қаңтарға дейін сенбі, жексенбі күндері сағат 10:00 – 15:00 аралығында көпшілік назарына «Muzycal party» атты «Бақ жұлдыз» медиа орталығының өнерпаздарының өнері, «Сан сұраққа саяхат» викториналық ойындар және «Библио спорт» алаңында тоғызқұмалақ және шахмат ойындары ойнатылып және кітап жәрмеңкесімен жалғасын табады