Жаңалықтар

«Jetisu book fair» атты кітап жәрмеңкесінің жабылу салтанаты өтті.

«Jetisu book fair» атты кітап жәрмеңкесінің жабылу салтанаты өтті.
Уақыты: 29.01.2024
Оқылды: 50

 

Кітап оқуды насихаттап өскелең ұрпақ өміріне лайықты кітап оқу мәдениетін кеңінен қалыптастыру мақсатында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен облыстық Көркемөнер галереясында «Jetisu book fair» атты кітап жәрмеңкесінің жабылу салтанаты өтті.

Шараның салтанатты жабылуында сөз алған Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов «Ұрпақ тәрбиесінде, қоғамның дамуында кітаптың рөлі зор. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен насихаттау, қазақ әдебиетін дамытуға қолдау жасау – біздің ортақ міндетіміз. Адам өмірде өз орнын тапқысы келсе, қандай да бір жетістікке жетемін десе, ең алдымен кітап оқуы керек екенін және кітап жәрмеңкесінің жалғасатынын айтты».

Кітап жәрмеңкесіне Алматы қаласынан арнайы келген әдебиет жанашырлары ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегерлері Бақыт Беделхан және Бақытжан Алдияр арнайы қатысып, келушілерге жалынды жырларын оқыды.

Сонымен қатар жергілікті ақын -жазушылар Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшелері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері Әміре Әрін және Нүрила Бектемирова өз тілектерін білдірді.

Шара соңында «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы аясында «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекттік мекемесінің «тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев кітапхана қорына 500 дана кітапты сыйға тартты.

Жәрмеңкеге келген қонақтарға «Жақұт мекен Жетісу» атты облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген кітаптардан және мерей той иелерінің кітап көрмелерімен таныстырып, «Ziat», «Атамұра», «Мазмұндама» «Marfu press» баспалары, «Асыл қазына» сияқты кітап дүкендері, жеке кәсіпкерлер және жергілікті ақын-жазушылардың 500-ден аса кітаптары қала қонақтары мен жұртшылығына қол жетімді бағада ұсынылды.

Айта кетейік 5 күнге созылған жәрмеңкеде қала тұрғындарына 200-ден аса кітап сатылған. Сондай-ақ, апталық кітап жәрмеңкесінде жазушы Қанат Тілеуханның кітабының тұсау кесері, «Muzycal party» атты музыка кешінде Н.Тілендиев атындағы балалар музыкалық мектебінің домбырашылар тобы, «Бақжұлдыз» медиа орталығының бағдарламасы, «Сан сұраққа саяхат» викториналық ойын, «Библио спорт» алаңында тоғызқұмалақ және шахмат ойындары ұйымдастырылды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика