Жаңалықтар

«МҰҚАҒАЛИ – МӘҢГІЛІК ҒҰМЫР»

«МҰҚАҒАЛИ – МӘҢГІЛІК ҒҰМЫР»
Уақыты: 08.02.2024
Оқылды: 52

2024 жылдың 8 ақпанында Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты . Иә, Мұқағали- ғажайып, сыршыл, ақын. Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

Шара барысында «Жазылар естеліктер мен туралы» кітап көрмесі таныстырылып, «Поэзия патшасы» атты бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, кездесу кешінде Талдықорған қаласындағы №18, 125, Innoverse және Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт мектебінің оқушылары өлеңдерін жатқа оқып, поэзиялық шеру ұйымдастырылды. №18 мектептің кітапханашысы Мария Данабатшақызы ақын шығармашылығы туралы өз пікірін білдірді. Сонымен қатар, «Бақ-Жұлдыз» медиа орталығының қатысушылары Айша Ныққали, Кәусар Таңатар, Ермек Інжу ақын сөзіне жазылған әндерді айтып, өнерлерін көрсетті.

Шара соңында С.Сейфуллин атындағы Жетісу орталық кітапханасының «Оқырмандарға қызмет көрсету» бөлімінің меңгерушісі Асем Қадыржанқызы Мұқағали Мақатаевтың шығармалары мәңгі екенін айтып, қорытынды сөз сөйледі.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика