Жаңалықтар
«ТАРИХИ ТҰЛҒА – ОРАЗ ЖАНДОСОВ»

2024 жылдың 23 ақпанында Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Тарихи тұлға – Ораз Жандосов» атты тарихи сағат өтті.
XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ тарихына терең із қалдырған көрнекті тарихи тұлғалардың бірі – Ораз Қиқымұлы Жандосов. Оның күрделі әрі тағылымды ғұмырымен танысып, оқып білу – ұлтымыздың өткен жолын өз-өзімізді жете тануымызға көмектеседі. Ол заман ықпалы мен коммунистік идеялогияны таңдаған,тіпті қиын-қыстау заманның өзінде ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруды шынайы көздеген. Ораз Жандосов Қиқымұлы – жалынды ер, «ұлтым» деп өткен қайраткер.
Шара барысында «Тарихи тұлға – Ораз Жандосов» атты кітап көрмесі таныстырылды. «Қайран Ораз» атты бейнеролик көрсетілді. Кездесу кешіне Талдықорған қаласындағы INNOVERSE мектебінің оқушылары қатысты. Кітапханашы Ерден Нұрахмет тұлға туралы тарихи лекция оқыды.