Жаңалықтар
«Шешен сөз шебері – Әйтеке би»

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Қазақтың шешен биі, мемлекет қайраткері Әйтеке Байбекұлының туғанына 380 жыл толуына орай «Шешен сөз шебері – Әйтеке би» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараның мақсаты : Әйтеке Байбекұлы туралы кеңінен насихаттау, ұлттық қасиетіміз бен ұлттық намысымызды ояту.
Шара барысында бөлім меңгерушісі Г. Таукебаева мемлекет қайраткері Әйтеке бидің өмірбаянына кеңінен тоқталып, көрмеге шолу жүргізді. Сонымен қатар Әйтеке ер жете келе билікті мақал-нақылмен мәнерлеп айтатын, дауды әділ шешіп кесе-кесе сөйлейтін өте әділетті, білгір шешен би болған, өз заманымыздың алып тұлға Әйтеке Байбекұлы халқымыз үшін таусылмас қазына болып қала берері сөзсіз.
Шара соңында оқырмандарға Әйтеке бидің біздің тарихымызда алатын орны ерекше екенін, ол тек қана шешен ғана емес, сонымен бірге ержүрек батыр ретінде халыққа танымал болғанын еске сақтайық.