Жаңалықтар

«Жетісу – кітап керуені» жобасы жалғасуда

«Жетісу – кітап керуені» жобасы жалғасуда
Уақыты: 27.02.2024
Оқылды: 43

Бүгін Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен қолға алынған «Жетісу – кітап керуені» жобасын Талдықорған қалалық Еңбек ресурстары және белсенді ұзақ өмір сүру орталығына кітаптарды сыйға тарту мәдени іс-шарасын өткізді.

Жетісу облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қалқабаева Еңбек ресурстары және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы Әсет Оразбекұлына «Кітаптарды сыйға тарту» іс - шарасы аясында 100 дана кітаптарды сыйға тартты

Шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалының төрағасы Жангелді Немерейбай, Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев, ақын, Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері Әли Ысқабай, ақын,Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралақ «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым және ақын, «Jetisu» газеті бас редакторы Жұматай Әміреев арнайы қатысып, бастамаға қолдау білдіріп, жылы лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ, Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақберген Асқарбеков «Жақсы адамдарым» әнін, Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің ұстазы Төлетай Серіков Жаяу мұсаның әні «Ақ сисаны» орындап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ән-шашуын тарту етті.

Айта кетейік, «Жетісу-кітап керуені» жобасы бұған дейін Астана, Алматы қалаларында кең көлемде өткен болатын.Әрі қарай да жалғасын таппақ.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика