Жаңалықтар
«Тұрардай ұлы бар халықпыз»

Мәлімет
Қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам, саяси қайраткері, тарихшы журналист Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай «Тұрардай ұлы бар халықпыз» атты еске алу сағаты өтті.
Мақсаты: Халқымыздың мақтан тұтар тұлғаларының өмірі мен ерлігін,қайраткерлігін дәріптеп насихаттауға, тарих парақтарынан тағылым алуға үйрету. Қазақ халқының тарихи тұлғалары, олардың өнегелі мен ерлігі, адами асқақ бейнелері бүгінгі ұрпақ үшін үлкен тәрбиенің арнасы болмақ. Тұрар Рысқұловтың бүкіл саналы ғұмыры мен қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі қазақ халқының болашағы жолына бағытталды. Жас ұрпақтың санасына ұлттық рухты дарыта отырып, олардың елін, жерін сүйетін патриоттық сезімін ояту,бабалар ерлігін насихаттау.
Шараға Талдықорған қаласының №21 орта мектептің тарих пінінің мұғалімі А.Қожабекова, №18 орта мектептің 8 сынып оқушылары мен алаштанушы Е.Нұрахмет қатысты.
Еске алу сағаты Тұрар Рысқұловтың өмірі мен ерлігі туралы «Өмір жолы» атты бейне-ролик көрсетілімімен басталды. Шара барысында №21 орта мектептің тарих пінінің мұғалімі А.Қожабекова Тұрар Рысқұловтың өмір жолы мен өршіл арман-мұраттары, өлмес халық алдында атқарған еңбегі туралы айтып берді.
Кітапханашы М.Ергалиева «Елім деп өткен есіл ер» атты кітап көрмесімен таныстырып, шара соңында көрмеден 5 кітап қолға берілді.