Жаңалықтар
«ІІ Республикалық Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.

«ІІ Республикалық Шәкәрім оқулары» облыстық байқауы өтті.
Бүгін Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастырумен ақын, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында «ІІ Республикалық Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Екінші мәрте ұйымдастырылып отырған байқауға 27 өтінім қабылданып, қатысушылар екі кезең бойынша бақ сынасты.
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп аталатын бірінші кезеңде байқау ережесіне сай ақынның 20 өлеңін жатқа айту берілген болатын. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен 10 қатысушы екінші «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңіне өтіп, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға электронды ұяшықтар көмегімен жауап берді.
Байқауға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым, ақын, жазушы Айдын Кәлімхан, ақын, Егемен Қазақстан газетінің Жетісу облысындағы меншікті тілшісі Мұхтар Күмісбек, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Жансүгіров колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Гульден Найманбаева, Талдықорған қаласы білім бөлімінің әдіскері Гүлмира Мұратханқызы әділ қазылық етті.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша;
1 орынды – Құндыз Алмабек (Ақсу ауданы)
2 орынды – Айзере Кенжебек (Көксу ауданы)
3 орынды – Нұрбол Мұратов (Талдықорған қаласы) ие болды.
Бірінші орын алған Алмабек Құндыз 27 наурыз күні Астана қаласында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастырумен өтетін «ІІ Республикалық Шәкәрім оқулары»байқауында өңір намысын қорғайтын болады.