Жаңалықтар
«Әмина апа сомдаған бейнелер»

Мәлімет
2024 жылдың 05 наурыз күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстанның халық әртісі, актриса Ә.Өмірзақованың туғанына 105 жыл толуына орай «Әмина апа сомдаған бейнелер» атты еске алу кеші өтті.
Әмина Өмірзақова жарты ғасырдан астам уақытын театр сахнасына арнап, 150-дей кейіпкердің рөлін сомдады. Кино саласына сіңірген еңбегі де ұшан-теңіз. Оның әсіресе, ана бейнесіндегі фильмдері әлі күнге дейін экраннан түспейді.
Кеш орталық кітапхана қызметкерлері әзірлеген «Әзиз ана – Амина Өмірзақова» атты бейне-ролик көрсетілімімен басталды.
Шараға Талдықорған қаласының № 4 орта мектептің 7«а» сынып оқушылары мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі С.Мухамадиева қатысты.
Шара соңында кітапханашы Ж.Дулыханова Әмина Өмірзақова туралы кітаптармен таныстырып өтті.