Жаңалықтар

«Амал келді жыл келді»

«Амал келді жыл келді»
Уақыты: 12.03.2024
Оқылды: 59

 

2024 жылдың 12 наурыз күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 14 наурыз Көрісу күніне орай «Амал келді жыл келді» атты танымдық сағат өтті.

Аталған шара «Наурыз- жыл басы» атты кітап көрмесін таныстырудан бастау алды. Келген қонақтарға амал күніне орай дайындалған бейнеролик көрсетілді. Шараға Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектебінің 5 сынып оқушылары мен Тілегенова Сания Муханқызы қатысып, оқушыларға Амал мерекесі туралы ақпарат берді.

Сондай ақ, Бақжұлдыз медиа орталығының мүшелері: Таңатар Кәусар «Наурыз думан» әнімен, Ныққали Айша күй орындап, Азаматқызы Еңлік «Дедімай-ау» әнін тарту етті. Шараны қорытындылай келе, ұйымдастырушылар келген қонақтармен естелікке суретке түсті.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика