Жаңалықтар

«Халық дәстүрі – асыл қазына»

«Халық дәстүрі – асыл қазына»
Уақыты: 16.03.2024
Оқылды: 43

16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Халық дәстүрі – асыл қазына» атты мәдени іс-шара өтті.

Кітапханашылар келген қонақтарды ұлттық киімдермен, ұлттық аспаптармен қарсы алып, «Әз-Наурыз» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырды.

Қонақтарды мерейлі мерекемен Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов құттықтап, батыр баба ұрпағы Болысбай Момбаев сөз алды.

Мәдени іс-шара барысында жазушы Ораз-Мұхаммед Исмаиловтың «Жалайыр Орақты батыр» кітабының тұсауы кесіліп, Қыдыр ата батасын беріп, «Шашбау тағу» дәстүрінен сахналық қойылым көрсетілді.

Сондай-ақ, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Халықаралақ «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін, Қоғам қайраткері, Алматы облысы, Кербұлақ, Балхаш аудандарының құрметті азаматы Тынышбай Досымбеков, Қоғам қайраткері, қаламгер, Алматы облысы, Қаратал, Көксу ауданының құрметті азаматы Наурыз Қылышбаев, Қоғам қайраткері Серік Мұқанов, батыр бабаның тікелей ұрпағы Мұрат Оразұлы шараға арнайы қатысып, мерейлі мерекемен құттықтады.

Мәдени шараны Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің ұстазы Төлетай Серіковтың әсем әнмен аяқтады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика