Жаңалықтар
«Ұлт діңгегі - ұлттық киім »

18 наурыз күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Наурызнама тұжырымдамасы аясында «Ұлт діңгегі - ұлттық киім » атты кітап көрмесі таныстырылды.
Көрмеге Талдықорған қаласының № 4, № 5 орта мектептің оқушылары, INNOVERS SCHOOL және Жетісу облысы мамандандырылған күзет басқармасының қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қалқабаева қатысушыларды ұлттық киім күнімен құттықтады.
Іс-шараның мақсаты — кітап арқылы қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау, қазақтың киім кию үлгісін жаңғырту болып табылды.
Ақпараттық-библиографиялық бөлімнің бөлім меңгерушісі Ғалия Ешенова қазақ халқының киім үлгілерінен тұратын фото-галереяда ұлттық киімдердің түрлері, маңыздылығы, олардың жасалу жолы, киетін мезгілі туралы ақпарат берсе, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Әлия Қанабек «Әз Наурыз» көрмесіндегі «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» бөлігінде кітапхана қорында бар кітаптарды таныстыру арқылы ұлттық киімдеріміздің тарихы мен бүгінгі таңдағы рөлі жайлы таныстырды.
Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Киім-кешек — тек шүберек қана емес, сол ұлттың мәдениетінен, қоғамдық өмірінен сыр шертетін ажырамас бөлігі.