Жаңалықтар

«Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»

«Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»
Уақыты: 20.03.2024
Оқылды: 62

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасына сай 20 наурыз «Ұлттық спорт» күніне орай Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының және Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының 5-ші сынып оқушылары арасында «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты ұлттық ойыннан жарыс өтті.

Ойын-сайысы ІІ-кезең бойынша өтті. І-кезеңде «Салт-дәстүр бекеті» тақырыбы бойынша экраннан қазақ халқының көнеден келе жатқан мейрамдары, қазақтың киіз үйі, қазақша ай аттары, ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері, ұлттық музыкалық аспаптары, қазақ халқының ұлттық сувенирлері туралы сұрақтар қойылып, артынан дұрыс жауаптары көрсетілді.

II-кезеңде «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» тақырыбымен ұлттық ойыннан: асық ату, арқан тарту, тақия тастамақ, қол күресі, гір көтеру, қара жорға биінен жарыс ұйымдастырылды.

Топтар арасынан оза шауып алдыға шыққан «Қыран-2» тобы Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының 5 «Ә» сынып оқушылары дипломмен марапатталса, «Қыран-1» тобы Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының 5 «Б» оқушылары алғыс хатпен марапатталды.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика