Жаңалықтар
«Жетісу кітап керуені» Ақсу ауданы

19 наурыз - Жетісу облысы С.Сейфулин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен басталған «Жетісу-кітап керуені» жобасын жалғастыру мақсатында Ақсу аудандық кітапханасы жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын таныту мақсатында 50 ге жуық кітаптарды жинақтап Қаратал аудандық кітапханасына жол тартты. Аталған акцияға Ақсу аудандық кітапханасының директоры Дуйсекова Эльмира Жумагазиевна бастаған кітапхана ұжымы үлес қосуға аттанды.
Шара барысында Қаратал аудандық кітапханасы 50 кітапты қабыл алып, Ақсу аудандық кітапханасына жергілікті жазушыларының 40 данаға жуық көрнекті шығармаларын сыйға тартты.