Жаңалықтар

«Қазақ ұлттық музыкасының майталманы»

«Қазақ ұлттық музыкасының майталманы»
Уақыты: 26.03.2024
Оқылды: 26

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында музыкатанушы-этнограф, композитор, Қазақстанның халық әртісі Александр Затаевичтің туғанына 155 жыл толуына орай «Қазақ ұлттық музыкасының майталманы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге А.Затаевичтің «Исследования, воспоминания, письма и документы», «1000 песен и кюев казахского народа», «500 казахских песен и кюев» атты кітаптары қойылса, композитор туралы жазылған «Бабалар сөзі», «Қазақ өнерінің тарихы», Ғ.Ахмедовтың «Алаш Алаш болғанда» т.б. қаламгерлердің жазған кітаптары қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды.

Кітап көрмесі кітапхана келген оқырмандарға таныстырылып, 4 кітап қолға берілді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика