Жаңалықтар
«Театр ғажайып әлем»

27 наурыз - Халықаралық театр күніне орай Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Театр ғажайып әлем» атты кітап көрмесі өткізілді.
Шара барысында кітапханашы А.Абейбекова «Театр көктемі» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасалды. Қазақтың атақты режиссері Шәкен Аймановтың «Театр-адамның өзін-өзі саханадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын деген сөздерінен, оқырмандарға театрға байланысты сахна өнері туралы қызықты деректерге мағлұмат берді.
Қорыта келе Халықаралық театр күні - қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның төл мерекесі, сахна саңлақтарының кәсіби мейрамы жыл сайын атап өтілетіні жайлы айтып өтті.