Жаңалықтар

«Жастар – лаңкестікке қарсы»

«Жастар – лаңкестікке қарсы»
Уақыты: 28.03.2024
Оқылды: 58

2024 жылдың 28 наурызында «Жастар – лаңкестікке қарсы» атты жастар дебаты өтті.

Жастарды дебат ойындарына қатыстырудағы басты мақсаты олардың сыни ойлау қабілеттерін дамытып, қоғамдағы кез келген мәселеге пікір білдіре алатындай дәрежеге жеткізу.

Шараға Талдықорған қаласының №18 орта мектептің 8 сынып оқушылары, Талдықорған индустриялық колледж студенттері қатысты.

№18 орта мектептің 8 сынып оқушылары екі топқа бөлініп, «Forever» тобында Қалиасқар Аяжан, Сейдулла Айару және «Fenomen» тобында Ілияс Жаннұр, Серікбекқызы Дильназ қатысып, екі жақ терроризм туралы пікірталасты. Әр топ өз нұсқасын ортаға салып қорғады.

Шара соңында №18 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбаев Қайыржан Жұмабекұлы оқушыларға қоғамдағы орын алып жатқан теріс ағымдардың қаупі мен зиянын түсіндіріп, жастардың патриоттық сезімін оятып, елін, жерін сүюге шақырды.

Топ қатысушылары ойын еркін жеткізіп, тапқыр сөйлеп, тақырыпты талқылауға белсене атсалысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Кітапханашы М.Ергалиева оқушыларды «Қазақстан лаңкестікке қарсы күресте» атты кітап көрмесімен таныстырып, соңында барлық қатысушылар естелік суретке түсті.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика