Жаңалықтар
500 ден аса кітап кітапхана қорына сыйға тартылды.

2 сәуір күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында
«Кітаптарды сыйға тарту» мәдени шарасы өтті.
Акция аясында кітапхана қорына жазушы, ақын, сазгер Базархан Жақыбаев, ақын, жазушы, журналист Айдын Кәлімхан мен ақын, сазгер Ербол Оразбеков 500 ден аса кітаптарын сыйға тартты.
Алғашқы сөзді Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының директоры Самал Шаяхметова сөз сөйлеп, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп оқушылары Жетісу ақындарының өлеңдерін оқыды.
Сондай-ақ, бұған дейін «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына атсалысып, 500 дана кітап сыйға тартқан «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекттік мекемесінің «тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Жолдыбаев акцияны қолдауға шақырып, Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның әншісі, Мәдениет қайраткері Оралбай Мұхамедиевтың әндері шырқалды.
Айта кетейік, акцияның басты мақсаты халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту. Акцияға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, тұрақты оқырмандар белсенді ат салысуда. 2022 жылы кітапхана қорына әр түрлі сала бойынша 196 дана, 2023 жылы 2332 дана және 2024 3843 дана кітап қабылданды. Жалпы 6371 дана кітап кітапхана қорын толықтырды.