Жаңалықтар

«Денсаулық – зор байлық»

«Денсаулық – зор байлық»
Уақыты: 05.04.2024
Оқылды: 41

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде 7 сәуір – Бүкіл әлемдік денсаулық күніне орай «Денсаулық – зор байлық» атты тәрбие сағаты өтті.

Шараның мақсаты: Денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру, салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету.

Шара барысында кітапханашы Р. Нұрланов тәрбиелік іс-шараның тақырыбына байланысты әңгімені тек денсаулық жөнінде болатынын, денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіретіні жайлы айтып кетті.

Біздің бөлімнің тұрақты оқырманы Көпбаева Айгерім денсаулық туралы деніңнің ауру-сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, таза-ауада жүру, спортпен шұғылдану, көңілдің көтеріңкі болуының өзі – денсаулықтың белгісі деп өз ойымен бөлісті. Ендеше «Денсаулық-зор байлық» деп халқымыз айтқандай, денсаулықты ешнәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір-біріне бірінші денсаулық тілейтінінің себебі, міне осында. Дені сау адам әрдайым көңілді, жүзінен шаттық нұры төгіліп жүреді. Сондықтан да өз денсаулықтарыңа жауапты қарап, оны сақтауымыз керек.
 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика