Жаңалықтар
«Дені сау ұрпақ - ел болашағы»

2024 жылдың 5 сәуір күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 7 сәуір - Бүкіл әлемдік денсаулық күніне орай ұйымдастырылған «Дені сау ұрпақ - ел болашағы» атты спорттық сайыс өтті.
Аталған шара «Дені саудың- жаны сау» атты кітап көрмесін таныстырудан бастау алды. Келген қатысушылар мен қонақтарға 7 сәуір Бүкіл әлемдік денсаулық күніне орай дайындалған бейнеролик көрсетілді. Шараға колледж студенттері және «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының» әдіскері Равиль Хамитов қатысты. Аталған мекеменің қызметкері 7 сәуір - Бүкіл әлемдік денсаулық күні туралы қатысушыларға ақпарат берді.
5 бөлімнен тұратын (арқан тарту, гір көтеру,қол күрес, жеден көтерілу, сан сұраққа саяхат) спорттық сайыста 2 команда бақ сынасты. Сайыс нәтижелерін қортытындылай келе, командалар алғыс хаттармен марапатталды.
Шара соңында, ұйымдастырушылар келген қонақтармен естелікке суретке түсті.