Жаңалықтар

«Ұлы дала тұлғасы – Біржан сал»

«Ұлы дала тұлғасы – Біржан сал»
Уақыты: 11.04.2024
Оқылды: 55

Қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, айтыскер ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Шара барысында «Ұлы дала тұлғасы – Біржан сал» атты кітап көрмесіне кітапханашы Ә.Қанабек библиографиялық шолу жүргізді.

«Тұла бойы тұнған өнер» атты бейнесюжет көрсетіліп, Талдықорған қаласының Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің дәстүрлі әншісі, оқытушы «Серпер Одағы сыйлығының» лауреаты Төлеутай Серіков, Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы, дәстүрлі әндердің шығу тарихы мен айту өнері, орындау шеберлігі туралы пайдалы мағлұматтар айтып, Біржан салдың «Теміртас», «Сырғанақ» әндерін нақышына келтіріп орындаса, шәкірттері Мұқажан Еркебұлан мен Разбек Ердәулет, Біржан салдың «Бұрылтай», «Он саусақ» әндерін мәнерлеп орындап, тыңдаушыларға керемет көңіл-күй сыйлап, ыстық ықыласына бөленді.

Шараға №19 М.Жұмабаев атындағы орта мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары және М.Горький атындағы №4 орта мектептің 5-сынып оқушылары сынып жетекшілерімен қатысты.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика