Жаңалықтар

«Қазақстан ғарыш қақпасы»

«Қазақстан ғарыш қақпасы»
Уақыты: 12.04.2024
Оқылды: 50

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде 12 Сәуір – Бүкіләлемдік авияция мен ғарыш күніне орай «Қазақстан ғарыш қақпасы» атты ақпараттық сағат өтті.

Шараның мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімін, әрі ұшқыш, ғарышкер болуына оқырман қиялын тәрбиелеу, табандылыққа, шыдамдылыққа, тәртіптілікке үйрету.

Шара барысында кітапханашы Р. Нұрланов оқырмандарды Бүкіләлемдік ғарыш күнімен құттықтап, Қазақстанның қос ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың өмірбаянына қысқаша мәлімет беріп, кітаптарына шолу жүргізді.

Қорыта келе ғарыш әлеміне саяхат арқылы, ғарыштың адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін тереңдетіп, ақпараттық сағат тартымды өтті.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика