Жаңалықтар

«Кітап - өмірлік ұстаз»

«Кітап - өмірлік ұстаз»
Уақыты: 22.04.2024
Оқылды: 53

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім кітапханашылары
«Нағыз оқитын кез» акциясы аясында «Кітап өмірлік ұстаз» атты тақырыпта мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесу кеші өткізілді. Аталмыш шара: Жетісу облысының « Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы», «Бәйтерек» күндізгі болу орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды.

Шара барысында: Бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге «Кітаппен қуаттан» атты кітап көрмесі таныстырылып, жас бүлдіршіндерге кітап білімдерін молайтатынын, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие алатындары жайлы мағлұмат беріліп, бөлімдегі сөйлейтін кітап үлгісі мен аудиокітаптардан қызықты ертегілер мен хикаяттар тыңдатылды.

Шара соңында бөлім меңгерушісі Таукебаева Гаухар «Бәйтерек» күндіз болу орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Назгүл Асылханқызына бөлім атынан кітаптар сыйға беріліп, балаларға тәттілер мен сусындар таратылды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика