Жаңалықтар

«КІТАР шоу - 2024» кітап фестивалі

«КІТАР шоу - 2024» кітап фестивалі
Уақыты: 23.04.2024
Оқылды: 58

23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «КІТАР шоу-2024» кітап фестивалі өтті.

Фестивальдің алғашқы сөзін алған Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханансының директоры Самал Қанатқанқызы Шаяхметова «Мәдениеттің мәйегі кітап екенін алға тартып, оқырмандарды кітап оқуға тарта отырып, авторларды елеулі мерекесімен құттықтады».

Әдебиет сүйер қауым үшін шара барысында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлбақыт Қасеннің «Бақыт гүлі» түрік тіліндегі кітабының тұсауы кесілді.

Тұсау кесерге ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін, ақын, ҚР Жазушылар одағының Жетісу облысының филиалының төрағасы Жангелді Немеребай және ақын Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сағыныш Намазшамова кітаптың тұсауын кесіп, жүрек жарды тілектерін білдірді.

Әрі қарай шара оқу залында жалғасты. Мерейтой иелерінің кітаптарынан «Book Dating» атты кітап кейіпкерлерінен дефиле, жас әртістерден құралған оқушылардың «Жауһазын – ғұмыр» поэзиялық көрінісі және «Сан сұраққа саяхат» викториналық ойыны ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, «Библио спорт» алаңында тоғызқұмалақ және шахмат ойыны ойнатылса, конференция залда «Karaoke time» ән караокесі ұйымдастырылып, келген оқырмандардың назарына ұсынылды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы ұлттық кітапханасының бастамасымен «Кitap – шоу 2024» фестивалі еліміздің барлық кітапханаларында өтті.

Шараға зиялы қауым өкілдері, жас ақындар, қала колледжінің студенттері мен мектеп оқушылары, сондай- ақ БАҚ қатысты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика